Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктілерді анықтады

Танымал

Ел аузында

Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның Шардара қаласы көшелерінің бірінде тұрған «Ауди»маркалы автокөлігінен белгісіз біреулер аккумуляторын ұрлап кеткен.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы мен криминалистер куәлардан жауап алып, ауланы аралап, мәліметтер базасы бойынша тексеру жүргізді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді анықтап, қылмыстың «ізін суытпай» ашты. Автоұрылар Шардара қаласының екі тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта осы жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы мен сезіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...