Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.1 C
Nur-Sultan
20.4 C
Almaty
23.5 C
Shymkent

Полицейлер заңсыз балық аулаған тұрғынды ұстады

Танымал

Ел аузында

Келес ауданы аумағындағы өзен-суларда табиғат байлықтарын қорғау бағытында жүргізілген шаралар нәтижесінде, полиция қызметкерлері заңсыз балық аулау дерегін анықтады. Белгілі болғандай, Сырдария өзені жағасында жергілікті тұрғын ау-торын пайдаланып, заңсыз балық аулап отырған. Ұсталған ер адамнан айғақты зат ретінде 1 дана мотор, 100 және 120 метрлік 2 тор, 60 дана заңсыз ауланған балық тәркіленіп алынды. Балықтардың жалпы салмағы 70 келіден асады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335 бабымен «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» тіркеліп, қылмыстық іс енгізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулап, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жоюдың соңы заң аясында жауапқа тартылуға әкеліп соғатынын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» республикалық конференциясы өтті

2025 жылғы 5 қыркүйекте Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Назарбаев университетінде Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы...