Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

32.3 C
Nur-Sultan
34.2 C
Almaty
41.8 C
Shymkent

Көлгінов Астанада жиналған жаңаөзендік жұмысшылар туралы пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов үкімет отырысы кулуарында елордаға Жаңаөзеннен келген мұнайшылар төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ҚазМұнайГаз» еншілес компанияларының жағдайы туралы. Тендерлік процедуралар жүргізілгенін білесіздер, ал ұтылған компания, оның жұмысшылары қазір қайта қарау (тендер қорытындысын – еск.) мәселесін көтеріп жатыр. Бірақ бәрі заң аясында шешілуі керек. Қазір Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» өкілдері келіссөздер, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деді Көлгінов.
Вице-премьердің айтуынша, бұл келіссөздер процесі және барлығы заң аясында шешілуі тиіс.

«Олар жеңілген компанияның тендерде жеңгенін қалайды. Бірақ бұл мүмкін емес. Біз мұны заң аясында жасауымыз керек. Тендерлік талаптар бар, не сотта, не заңды түрде бәрін қарастыру керек. Сондықтан жай ғана талап қою, кем дегенде, дұрыс емес. Біздің міндетіміз оларға бос жұмыс орындарын ұсыну. Мемлекеттік органдар осылай істеп жатыр», – деп қосты Көлгінов.
10 сәуірде жаңаөзендік жұмысшылардың Астанаға жиналғаны хабарланды. Энергетика министрлігінің ғимараты алдына адамдар жиналды, олардың саны 60-70-ке жуық.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...