Қазақстанда екінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін

Танымал

Ел аузында

Қазақстандық екінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында пайда болды.

Дайындалған құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екінші сыныптарда «Шетел тілі» пәні алып тасталатыны айтылған.

10-11-сыныптарда оқу жүктемесі қысқартылған үлгілік оқу жоспарларында «Шетел тілі» пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағаттарына байланысты бір сағатқа ұлғайтылған.

«11 жылдық оқыту шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс Қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасы деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді және мектеп түлектеріне Еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін игеруге мүмкіндік береді», – делінген құжатқа түсіндірме жазбада.

Түзетулер жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы скорой медицинской помощи. Сегодня в регионе круглосуточно работают 147 бригад...