Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4.3 C
Nur-Sultan
11.5 C
Almaty
11.8 C
Shymkent

КешYou тобы жұмысын тоқтатты

Кезінде еліміздегі ең үздік қыздар тобы болған "Кешью" тобының болашағы бұлыңғыр.

Танымал

Ел аузында

Баян Алагөзова бүгінде продюсерлік жобаларына аса назар аудармай жүр. “Оған себеп – кәсіптің бұл түрі бүгінде тиімсіз”, – дейді.

Бұл туралы Алагөзова НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

«Бұл бизнесті жалғастыру қазір маған тиімді емес. Өйткені қоластымдағылардың пәтері бар, олардың айлығы, педагог пен вокалы, би, ән жаздыру деген сияқты, бәрі менің мойнымда. Сондықтан тоқтаттым», – деді Мақсатқызы.

Қайрат Нұртастың продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова да қарамағына жаңа әнші алуға асықпайды. Қазір ол өнерде тек туған балаларына қолұшын созуға дайын. Әзірге өзгенің шығармашылығын дамытудан бас тартқан Айдарбекованың бұған өз себебі бар.

«Қайраттың кезінде мен талай әншілерді Қайратпен қосып алғанмын, бірақ біреудің баласы біреудің баласы, қатты сөйлеп қойсаң өмірбақи жүрегінен кетпейді. Қатты сөйлемесең тағы емін-еркін кетіп қалады да, ұстай алмай қаласың. Шақырылған тойға бармай қалады, концерттерге қатыспай қалады деген сияқты», – деді Гүлзира ханым.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...