Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Актриса Әсел Асқар жолдасымен қайта қосылды

Бірнеше уақыт екі жақта жүріп, ажырасып кеткен жұп қайта бас қосты.

Танымал

Ел аузында

Бұның мән-жайын актрисаның өзі түсіндірді. 

Әсел Асқар жұбайымен ажырасып кеткенін, қайта қосылмайтынын мәлімдеген еді. Енді оқырмандарына сүйінші жаңалығын айтты. Ажырасқан соң жүктілігін білген актриса баланың әкесімен қайта қол ұстасқан. 

“Ол менен кешірім сұрады. Өзінің қателескенін, артық кеткенін айтты. Қиналғанын жеткізді. Кейін емделіп, дәрігерге қаралғанын айтты. Менен бір мүмкіндік сұрады. Алғаш рет менің құрсағымды ұстап көрді. Біз таңға дейін сырластық. Жыладық. Кұшақтастық. Сүйістік. Бар сырымызды аштық. Ол мені, мен оны айыптаған жоқпын. Мен бұрынғы өзім сүйген азаматты көрдім. Сабырлы, салмақты, мені қорғай алатын азаматты көрдім. Осылайша бірге боламыз деп шештік. Осындай жаңалығыммен қуантқым келеді”, – деді Әсел. 

Актриса жолдасы Айбек кешірім сұрап келіп бір мүмкіндік беруін өтінген.

«Менің кешірмеуіме болатын еді, оған барлық құқығым бар еді. Ол қайтып оралмауына да болаты еді, ол да барлық құқыққа ие болды. Бірақ, шамасы, Құдіретті Құдайдың біз үшін өз жоспарлары бар секілді. Ал біз, шамасы, бір-біріміз бірге болу керек шығармыз. Немесе мүмкін бұл махаббат, мүмкін менің даналығымнан болды немесе оның сынағы шығар, немесе бұл біздің ортақ сынағымыз болған шығар. Кім біледі. Бірақ берік отбасы – бұл көп жұмыстың нәтижесі», – деді актриса. 

Желідегі оқырмандары құтты болсын айтып, бақыт тілеп жатыр. 

“Қосылғандарыңызға қуанып отырмын, енді ажырамаңыздар”, “Бақытты болыңыздар, дұрыс істегенсіз”, “Бәрі жақсы болады”, “Ажырасу да оңай, қосылу да оңай”, “Хайп екенін біліп едім”, “Біреудің ажырасқаны, қосылғаны кімге қызық”, “Сіз мықты әйелсіз, даналығыңыз жетіп кешіре алдыңыз”, “Ажырасқаны рас қой”, – деп әртүрлі пікірлер жазылды.

Декекөзstan.kz

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...