Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
18.8 C
Almaty
22.6 C
Shymkent

Қазақстандықтар қандай салықтан босатылады? Министр жауап берді

Танымал

Ел аузында

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Салық кодексінен қандай төлем түрлері алып тасталатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

«Бізде жүйе құрайтын екі-үш салық бар. Бұл корпоративті табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тау-кен салығы. Олар, әрине, қалады. Жарнамаға немесе тағы басқа нәрселер үшін алымдар қысқартылуы мүмкін», – деді қаржы министрі.

Премьер-министрдің орынбасары Үкімет деңгейіндегі талқылаудан кейін жақын арада барлық өзгеріс енгізілетін жаңа Салық кодексінің жобасы жарияланатынын айтты.

Айта кетейік, Президент 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында салық бақылауын толық цифрландыру және салық есеп нысандарын 30 пайызға қысқарту қажет екенін мәлімдеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысының дәрігерлері Беларусь Республикасында біліктілігін арттыруда

Алматы облысынан барған дәрігерлер тобы Беларусь Республикасының Минск қаласындағы «Ана мен бала» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтуде....