Алматыда жүргізушісі жоқ автобус бірнеше көлікке соғылды

Танымал

Ел аузында

Жол апаты сағат 12:50-де Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында болған. Жол жиегінде тұрған 79-маршруттағы автобус өздігінен артқа жүріп, төрт көлікке соғылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram желісінде жарияланды.

Алматы қалалық ПД өкілдерінің мәліметінше, KIA көлігіндегі жолаушы дене жарақатын алған.

«Бұл деректі Бостандық ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері назарға алды. Мән-жай анықталып жатыр», – деді Алматы қалалық полициясының баспасөз қызметі өкілдері.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...