Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

24 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
28.3 C
Shymkent

Қазақстанда коронавирусқа қарсы ақылы вакцина қанша теңге тұратын болады

Танымал

Ел аузында

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2022 жылы Қазақстанға жеткізілетін коронавирусқа қарсы ақылы вакциналардың аса қымбатқа түспейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет отырысында Алексей Цойға коронавирусқа қарсы ақылы вакцина шамамен қанша тұратыны туралы сұрақ қойылды. 

«Мен мұны айта алмаймын, өйткені бұл коммерциялық сегмент. Бірақ жалпы вакциналар қымбат емес. Егер басқа вакциналармен салыстырып қарайтын болсақ, олардың бағасы 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейінгі аралықта болуы мүмкін. Сол себепті бұл жерде вакциналардың коммерциялық сегментте қандай бағамен сатып алынатынына назар аудару қажет», – деді Цой журналистерге үкімет кулуарында.

Айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі негізгі дистрибьюторларға хабар берген. Қазір олар келесі жылы ел аумағына ақылы вакциналар жеткізу мәселесін пысықтап жатыр.

Министр алдағы ақылы вакцинация тегін вакцина салдырғысы келмейтін қазақстандықтар үшін «баламалы аналог» болатынын мәлімдеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...