Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Министр оқушылардың смартфон ұстауына неге шектеу қойылатынын түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда оқушылардың смартфон ұстауына неге шектеу қойылатынын түсіндірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Мектеп негізінен саналы тәрбие мен сапалы білім беру керек. Сондықтан оқушылар сабақтың барысында мұғалім берген материалды толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдауы қажет. Әрине, бүгінде балаларымызды смартфондар алаңдататыны белгілі.

Ата-аналар мен педагогтардан келіп түскен өтініштер мен шағымдардың нәтижесінде осындай шешім қабылданып отыр. Тағы қайталап айтамын, бұл – сабақ барысында мұғалімдердің рұқсатынсыз оқушылардың смартфонды пайдаланбауына қатысты заң. Алайда сабақ біткеннен кейін және сабақтан тыс уақытта оқушы өзінің ұялы телефонын алып, ата-анасына хабарласа алады. Оның мұндай құқығы шектелген жоқ. Бұл – тек сабақ барысындағы шектеу», – деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ БАҚ өкілі «Егер заң қабылданса, балалар ұялы телефондарын қайда қояды?» деп сұрақ қойды.

Ғани Бейсембаев бұл мәселе әлі пысықталатынын жеткізді.

«Бүгінде Мәжіліс заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Заң толық қабылданғанша, ұйымдастыру мәселесі қолға алынады. Негізінен бұл – әртүрлі әдіс. Ең бастысы сабақтың үстінде оқушының негізсіз алаңдауына жол бермес үшін осындай шешім қабылданып отыр», – деді ведомство басшысы.

Аяз Есен

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы успешно прошла международная научно-практическая конференция по ортопедии и травматологии

В Алматы успешно прошла международная научно-практическая конференция по ортопедии и травматологииАлматы, Казахстан — 7 и 8 ноября 2024 года...