Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.2 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
21.2 C
Shymkent

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін тағы ондаған азамат баспана ала алады

Танымал

Ел аузында

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 2023 жылдың соңына дейін 55 ипотекалық несие беріледі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді. 

«Бюджеттен қосымша 965 миллион теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 55 ипотекалық қарыз беруге мүмкіндік береді», – деді Қанат Сухамбеков.

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша төмен пайызбен, яғни жылдық 5 пайыздық несиемен 18 миллион теңгеге дейін заем беріледі. Қарызды әркім төлеу қабілетіне қарай, 3-тен 25 жылға дейін қайтара алады.

Айта кетейік, биыл «Алматы жастары» жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасына қатысуға 11 104 адам өтініш берді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...