Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.9 C
Nur-Sultan
27.7 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін тағы ондаған азамат баспана ала алады

Танымал

Ел аузында

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 2023 жылдың соңына дейін 55 ипотекалық несие беріледі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді. 

«Бюджеттен қосымша 965 миллион теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 55 ипотекалық қарыз беруге мүмкіндік береді», – деді Қанат Сухамбеков.

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша төмен пайызбен, яғни жылдық 5 пайыздық несиемен 18 миллион теңгеге дейін заем беріледі. Қарызды әркім төлеу қабілетіне қарай, 3-тен 25 жылға дейін қайтара алады.

Айта кетейік, биыл «Алматы жастары» жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасына қатысуға 11 104 адам өтініш берді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әйел тағдырына арналған «Ақжелең» көркем фильмінің түсірілім жұмыстары жүріп жатыр

Қазақ авторлық киносы тағы бір жаңа туындымен толықты. Әйел тағдырына арналған «Ақжелең» көркем фильмінің түсірілім жұмыстары жүріп жатыр. Фильм Мәдениет...