Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Ақтауда екі ауыл атауы қазақшаланды

Танымал

Ел аузында

Ақтауда екі ауыл атауы қазақшаланды, – деп хабарлайды Lada.kz сайты.

Енді Приморский ауылы «Ақ Желкен», ал Приозёрный – «Оймаша» болып өзгертіледі.  

Сонымен қатар, Приморский және Рауан тұрғын үйлеріндегі көшелер жаңа атауларға ие болды. «Жемчужная»  «Ақ маржан» болып өзгерсе, «Весенняя» көшесі енді «Көктем» деп аталады, ал «Урожайная» – «Құлагер».

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес Маңғыстау облысы әкімшілігі жанындағы комиссияның 2023 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде және ауыл халқының пікірін ескере отырып, тұрғын үй алаптары мен көшелердің атауларын өзгерту туралы шешім қабылданды. 32 көше «Рауан» ТК және 16 көше «Приморский» ТК болып өзгертілді», – деді ауыл әкімі Өмірзақ Бисенғали Кенжалиев.

Айта кетейік, екі ауыл атауы өзгеретіні туралы бұған дейін белгілі болған еді. Өмірзақ ауылының әкімі Бисенғали Кенжалиев тұрғын үй алаптарының атауларын өзгертуге қаражат бөлудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...