Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Танымал

Ел аузында

Еліміздің басым бөлігінде боран соғып, ауа райы қолайсыз болады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК

Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Ұлытау, Қарағанды, Абай және Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады.

Сонымен қатар, Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу, Жамбыл облыстарында, Алматыда тұман түседі.

Астанада әлсін-әлсін қалың қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз кей жерлерде 25 м/с жетеді.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты «Астана-Теміртау» автожолы жабылғанын хабарлады. Онда көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұрпақ болашағына қызмет еткен ғалым

Еліміздің гидрогеология саласының дамуына елеулі үлес қосып, саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған азаматтардың бірі – гидрогеология ғылымының ардагері,...