Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Былтыр қазақстандықтар қанша теңге мобильді аударым жасаған?

Танымал

Ел аузында

2023 жылы 11 айда (қаңтар-қараша) қазақстандықтар қолма-қол ақшасыз төлем жасауда рекорд орнатты. Аударым сомасы 128 триллион теңгеге жеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 44,3 пайызға артық. Сонымен қатар, 2022 жылдың толық кезеңімен салыстырғанда 2023 жылдың 11 айында қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 24,5 пайызға артық.

2023 жылдың қаңтар-қарашасындағы бүкіл қолма-қол ақшасыз төлемнің 83 пайызы интернет пен ұялы телефондар арқылы жүргізілді. Яғни 106,2 триллион теңге, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,8 пайызға көп.

Төлем карталарының жалпы айналымындағы қолма-қол ақшасыз төлемнің үлесі бір жылда 81,8 пайыздан 86,1 пайызға дейін өсті.

Өңірлер бойынша қолма-қол ақшасыз төлемнің жартысы Алматы қаласына тиесілі (64,1 триллион теңге). Одан кейінгі орында Астана (13,4 триллион теңге) мен Шымкент (8,1 триллион теңге) тұр. 

Жасұлан Ордабаев 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...