Қазақстандағы басты стадион жөндеуге жабылды: жылжымалы шатыры қала ма?

Танымал

Ел аузында

Елордадағы «Астана Арена» кешенін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жұмысты 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Стадионның басты ерекшеліктерінің бірі – жылжымалы төбесі сақталып қала ма, жоқ па, Tengri Sport анықтап көрді.

Астана Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәліметінше, қаңтарда сараптама қорытындысын алғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстары басталған.

«Демонтаж жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау 2024 жылғы шілденің аяғына жоспарланған. 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан аралығында көшпенділер ойындары өткізілгеннен кейін жасанды жабынды жылыту және суару жүйесімен ауыстыру жүргізіледі», – деп хабарлады басқарма.

Ведомстводағылар кешеннің айналасын абаттандыру мәселесі де қарастырылып жатқанын жеткізді. Жылжымалы шатырға келетін болсақ, ол жаңғырту жұмыстарынан кейін жұмыс істейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Диуани Хикмет» жаңа басылымы жарық көрді

Түркі-ислам руханиятының ең құнды жәдігерлерінің бірі саналатын Диуани Хикмет кітабы Түркияда жаңа ғылыми басылым ретінде жарық көрді. Жинақты дайындаған...