Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

ІІМ кальянға қатысты ұстанымды жариялады

Танымал

Ел аузында

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда кальян шегуге қатысты ұстанымды мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғанын еске салды.

«Қоғамдық орындарда кальянға тыйым салынады, рейдтер жүргізіліп жатыр. Анықталған жағдайда кінәлілер жауапқа тартылады. Егер мұндай заңбұзушылыққа куә болсаңыз, 102 телефонына хабарласып, хабарлаңыз, полиция келіп, тиісті шара қолданады», – деді Әлекешев.

Наурызда қазақстандық рестораторларға кальян үшін айыппұл салу ұсынылғанын жазғанбыз. Бұл туралы Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева айтты.

Оның айтуынша, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғанына қарамастан, барлар мен мейрамханаларда әлі де жалғасып жатыр.

«Осыған байланысты Мәжіліс депутаттарымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте (ӘҚБК) осы регламент бойынша айыппұл көлемін ұлғайтуға қатысты нормаларды әзірлеп жатырмыз. Жаңа нормаларды енгізу бүгінде заңнама тек тұтынушының өзіне қатысты шараларды қолдануды реттейді, бірақ осы темекі өнімдерін өз үй-жайларында тұтынуға рұқсат беретін рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма жоқ. Осыған байланысты қазір пысықтап жатырмыз және ӘҚБтК шеңберінде жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныстар енгізілді. Яғни, айыппұл сомасы да ұлғайтылып, рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма күшейтіледі», – деді Гүлнар Сәрсенбаева.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...