Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Мас күйде көлік жүргізген Бишімбаев жазалана ма?

Танымал

Ел аузында

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жүргізуші куәлігінен айырылмайды. Ол бұған дейін сотта мас күйде көлік тізгініне отырғанын мойындаған еді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz-ке ресми жауапта Бишімбаев алкогольге, есірткіге мас екенін дәлелдейтін куәландырудан өтпегені айтылған. Сондай-ақ, ІІМ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 608-бабы бойынша құқықбұзушылықтың құрамдас бөлігі мас күйде көлік тізгіндеу екенін еске салды.

Реклама

«Медициналық куәландырудың ресми қорытындысы және ӘҚБтК-нің 608-бабында көзделген құқықбұзушылық құрамы болмаған, сондай-ақ, жауапқа тартудың мерзімі өткен кезде (ӘҚБтК-нің 62-бабы) адам осы бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылмайды», – деді ІІМ өкілдері.

4 сәуірде сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахованың сұрақтарына жауап берген Бишімбаев 9 қарашаға қараған түні «орташадан сәл жоғары» мас болғанын, бұл оның тізгінге отыруына кедергі болмағанын айтты.

«Яғни, сіз мас күйде көлік жүргіздіңіз, мен сізді дұрыс түсіндім бе?» – деп сұрады Оразбахова.

«Иә», – деп жауап берді Бишімбаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұстаз Мұрат Мұстафаев жазасын өтеушілермен кездесті

Атырауда дін саласында оңалту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жалғасуда. Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев №75 Түзеу...