Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15.3 C
Nur-Sultan
14.2 C
Almaty
16.2 C
Shymkent

Нұр-Сұлтанда қандай аурулар жиі кездеседі?

Танымал

Ел аузында

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы елорда тұрғындарының арасында қандай аурулар жиі кездесетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының 2021 жылғы 9 айдағы деректеріне сәйкес, астаналықтар арасында тыныс алу органдарымен байланысты аурулар жиі кездеседі. Олардың үлесіне Нұрсұлтан тұрғындарының тіркелген барлық өтініштерінің 24,5 пайызы тиесілі.

Екінші орында ас қорыту жүйесінің аурулары – асқазан-ішек жолдарының проблемалары туралы шағымдар барлық өтініштердің шамамен 4 пайызын құрады. Одан кейінгі орында жарақаттар мен уланулар – 3,9 пайыз.

Одан кейін тірек-қозғалыс аппаратының аурулары және қан айналымы жүйесі аурулары – олар астаналықтардың жалпы өтініштерінің 3,4 және 2,4 пайызын құрайды.

Аталған аурулардан негізінен иммунитеті әлсіз, созылмалы аурулары бар ересек тұрғындар, жүкті әйелдер және егде жастағы адамдар зардап шегеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Воспитанник досугового центра «Қазақ күресі» стал призёром республиканского турнира и получил спортивное звание

В Талгарском районе Алматинской области состоялся Республиканский турнир по казахской борьбе среди юношей 2010–2011 годов рождения. Соревнование было посвящено...