Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген балалар үшін Көлсай көліне экскурсия ұйымдастырылды

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен Наурызбай ауданының демалыс орталықтары Көлсайға саяхат жасады

2025 жылдың 12 шілдесінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Наурызбай ауданының демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген балалар үшін Көлсай көліне экскурсия ұйымдастырылды.

Саяхатқа 50 бала жетекшілерімен бірге қатысып, табиғат аясында пайдалы әрі әсерлі демалыс өткізді. Балалар Көлсай көлінің ерекше табиғатымен, таулы аймақтың көркем көріністерімен танысты. Серуен барысында ұйымдастырушылар тарапынан балаларға тағам мен сусын ұсынылып, толыққанды демалыс қамтамасыз етілді.

Экскурсия балалардың табиғатты тануға қызығушылығын арттырып қана қоймай, олар үшін жаңа әсерлер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің тұлғалық және танымдық дамуына оң ықпал етеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR Android 16 негізіндегі MagicOS 10 бета нұсқасын шығарады

HONOR Android 16 жүйесінде құрастырылған MagicOS 10 операциялық жүйесінің жаһандық бета нұсқасын жариялады. Тест кезеңі тек Қытайда ғана емес, басқа...