Демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген балалар үшін Көлсай көліне экскурсия ұйымдастырылды

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен Наурызбай ауданының демалыс орталықтары Көлсайға саяхат жасады

2025 жылдың 12 шілдесінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Наурызбай ауданының демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген балалар үшін Көлсай көліне экскурсия ұйымдастырылды.

Саяхатқа 50 бала жетекшілерімен бірге қатысып, табиғат аясында пайдалы әрі әсерлі демалыс өткізді. Балалар Көлсай көлінің ерекше табиғатымен, таулы аймақтың көркем көріністерімен танысты. Серуен барысында ұйымдастырушылар тарапынан балаларға тағам мен сусын ұсынылып, толыққанды демалыс қамтамасыз етілді.

Экскурсия балалардың табиғатты тануға қызығушылығын арттырып қана қоймай, олар үшін жаңа әсерлер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің тұлғалық және танымдық дамуына оң ықпал етеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...