Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Балаларымен бірге суицид жасаған келіншектің күйеуі: Менің де өмір сүргім келмейді

Танымал

Ел аузында

Біз бақытты өмір сүрдік.

Алматыда көппәтерлі үйдің тоғызыншы қабатынан балаларымен бірге секірген келіншектің күйеуі сұхбат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұрсұлтан Оразовтың айтуынша, олар бақытты өмір сүрген, ал әйелі суицид жасаған күні ол үйінде болмаған екен.

«Біз бақытты өмір сүрдік. Бірақ жұмыссыз едік. Әйелім үйде балалармен отырды. Ал мен қара жұмысшымын, базарда жұмыс істедім. Қазір еш жерде жұмыс істемеймін. Оқиға болған уақытта үйде болған жоқпын», – деді ол.

Оның айтуынша, әйелінің мұндай қадамға баруына ешқандай себеп болмаған. Өйткені отбасында бәрі жақсы болды. Олар Алматыда алты жыл тұрған екен.

«Біз тұрғын үйді жалға алдық, жалақымыз аз болды. Ата-анамыз да жұмыссыз, үйде, олар Шымкентте тұрады. Менде білім жоқ. Бізде ешнәрсеміз жоқ, әлеуметтік көмек те берілмеді. Қатаң карантин болған кезде де көмек сұрадық, бірақ бізге берілмеді. ХҚО-ға, әкімдікке, әйелім барлық жерге жүгінді. Олардың бәрі көмек көрсетуден бас тартты. Үш балам бар еді, кіші ұлым екі жаста, үлкені алты жаста және ортасындағы қызым бес жаста болды. Енді олар жоқ. Қазір менің де өмір сүргім келмейді», – деді ол.
 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...