Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев пен оның орынбасарларының қанша айлық алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Еңбек сіңірген жылдары мен лауазымы ескеріле отырып, министрдің айлық жалақысы 1,3 миллион теңгені құрайды. Бұған оның жалақысы мен қосымша үстемелері кіреді. Оның орынбасарлары еңбек өтілі мен лауазымына қарай шамамен 1 миллион теңге көлемінде жалақы алады», – деп хабарланды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Министрліктің хабарлауынша, 2021 жылы айлық көтерілмеген.
Бұған төтенше жағдайлар министрі 1 миллион теңге көлемінде жалақы алатынын жариялаған еді.