Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Маңғыстаудағы газ қымбатшылығы: Жұмысшылардың бір бөлігі ереуілге шығатындарын ескертті

Танымал

Ел аузында

Маңғыстауда жұмысшылардың бір бөлігі газ қымбатшылығына байланысты ереуілге шығатындарын ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біз БЖБ қызметкерлері сұйытылған газ бағасының литріне Т120 дейін көтерілуіне байланысты Нұрлан Ноғаев пен ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан өсіп кеткен газ бағасын төмендетуді талап етеміз, олай болмаған жағдайда жұмысымызды тоқтатамыз», – дейді жұмысшылар дүйсенбі күні тараған видеода.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтар күні Жаңаөзен тұрғындары жаппай көшеге шығып, сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен болатын. Бұл наразылыққа жергілікті билік бағаның көтерілуіне «нарық жағдайына» байланысты бірқатар себептер бар екенін айтқанымен, бұл жауап жергілікті тұрғындарға ұнамады.

3 қаңтарға қараған түні Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаға қатысты үкіметке тапсырма берді.

Биліктің талабына қарамастан, көгілдір отынның қымбаттауына наразылар қараңғы түссе де сыртта тұрып, көшелерді жауып тастады. Азаматтар бағаның көтерілуі басқа да тауарлардың, соның ішінде азық-түліктің қымбаттауына себеп болады деп есептейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...