Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулыда былай делінген:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген Ақорда сайтында.

Тоқаев Алматы мен Маңғыстауда төтенше жағдай жариялады

Мұның алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасап, халықты сабырға шақырған болатын. 

Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған. Кейінірек Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен комиссия құрылған болатын. Бүгін үкіметтік комиссия мүшелері Маңғыстау мен Жаңаөзен белсенділерімен келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша сұйытылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендегені хабарланды

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Созақ ауданында «Учаске» профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

2025 жылғы 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Созақ ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету...