Батыстағы ағайынды қолдаймын – Қайрат Нұртас

Танымал

Ел аузында

Қоғам белсенділері мен өнер адамдары Жаңаөзендегі көтеріліске шығып жатқан халықты қолдап, әлеуметтік желілерде түрлі қолдау сөздерін білдіріп жатыр. Соның ішінде танымал әнші Қайрат Нұртас та Instagram желісіндегі парақшасында халықты қолдайтынын жеткізді.

«Халық Алланың бір аты, қазақ халқы өте сабырлы, төзімді, себепсіз көтерілген емес. Дәл қазіргі жағдайда батыстағы ағайынды қолдаймын. Халықтың мұң-мұқтажын жеткізуге хақым бар. Халқымның тұрмыс жағдайы төмендеп кетті. Еш өзгеріссіз тұрған айлыққа қарамастан азық-түліктен бастап, барлығы қымбаттады. Халық бар болғаны уайым-қайғысыз өмірді қалайды. Үкімет тез арада оң шешім шығарады деп үміттенемін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!» – деп жазды ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...