Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

ҰҚШҰ бітімгершілік күштері Қазақстаннан шыға бастады

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгершілік күштері Қазақстаннан 10 күн ішінде кетеді.

Танымал

Ел аузында

Әскерлерді шығару 13 қаңтарда басталады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасына ұйымның бас хатшысы Станислав Зась айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Контингенттің жалпы саны – 2,5 мың сарбаз. ҰҚШҰ күштері екі қалада – Алматы мен Нұр-Сұлтанда.

13 қаңтарда Станислав Зась Алматыға келді, онда ол ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы генерал-полковник Андрей Сердюковпен кездесіп, командалық пункт пен орналастыру пункттерін аралайды.

«Біз бітімгершілік операциясының соңғы кезеңін бастадық. Бүгін біз бітімгершілік күштерінің қорғауындағы нысандарды жергілікті қауіпсіздік күштеріне береміз. Ертең контингентті Қазақстаннан ұйымдасқан түрде шығару бойынша бірқатар іс-шараларды бастаймыз. Салтанатты іс-шара өткізіп, әскерлерді кезең-кезеңімен шығаруды бастаймыз. Мемлекет басшылары бұл іс-шараларды 10 күн ішінде 23-ші күнге дейін аяқтау міндетін қойды.  Бұл әскерді асықпай шығаруға мүмкіндік береді», – деді ҰҚШҰ Бас хатшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...