Қазақстанда утилизациялық алым айтарлықтай төмендейді

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда утилизациялық алым ставкасы айтарлықтай төмендейді. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизациялық алым ставкасын әжептәуір төмендету көзделіп отыр», – деді Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, премьер қоршаған ортаны ластайтын заттарды төмендетуге, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін, жетілдіру, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, айтуынша, технологиялық қажеттіліктер үшін тұщы суды тұтынуды азайту, қоқыс орындарының санын қысқарту шаралары жүргізіледі.

Елордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиын барысында Қазақстанның былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Ұлт коды: Өнердегі өрнек» атты ауқымды шара өтті

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды дәріптеген түрлі іс-шаралар легі жалғасып жатыр. Алматы облысы, Талғар ауданына...