Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Алматы маңындағы жолдарды тазалауға кім жауапты және қайда шағымдануға болады?

Танымал

Ел аузында

«Қазавтожол» ҰК» АҚ Алматы маңындағы республикалық маңызы бар тасжолдарды кім тазалау керек екенін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, олар ақылы Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас, сондай-ақ Алматы-Бішкек және Құлжа тасжолдарына жауапты. Дегенмен, қар тазалау және басқа өңдеу жұмыстарын мердігер компаниялар жүргізеді.

«Алматы-Бішкек және Құлжа тасжолдарын тазалау және реагенттерді өңдеумен «Қазақавтодор» ЖШС айналысады. Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас ақылы жолдарына келсек, жуырда оларды тазалау бойынша байқауда «Шыңғыс жолдары» серіктестігі жеңіске жетті», – деді «Қазавтожол» өкілдері.

Республикалық маңызы бар жолдарды тазалау және мұздан тазарту жұмыстары нашар жүргізілген жағдайда жүргізушілер «Қазавтожол» ҰК» АҚ-тың 1403 телефоны бойынша байланыс орталығына шағым түсіре алады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғау бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғау және олардың рухани дамуына қолдау көрсету мақсатында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі...