Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15.8 C
Nur-Sultan
18.5 C
Almaty
21.7 C
Shymkent

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу-қатыспауы жайлы пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу-қатыспауы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Сіз президенттікке тек екі мерзімге сайлана алатыныңыз жайлы айттыңыз. Бұл сіздің келесі сайлауға қатысатындығыңызды білдіре ме?» – деген сұраққа мемлекет басшысы былай деп жауап берді.

«Бұл ереже біздің Конституциямызда жазылған. Президент екі мерзімге сайлана алады және бұл талапты бұзуға болмайды. Менің наурыз айындағы Жолдауымда осы маңызды мәселе бойынша ұсыныстар айтатын шығармын. Бірақ қазір менің сайлауға қатысатыным немесе қатыспайтыным туралы айту ерте деп санаймын», – деп түсіндірді президент.

Еске салсақ, 29 қаңтарда «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны өзгертпейтініне уәде беріп, екі мерзімнен артық президент болмайтынын айтты. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...