Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Владимир Путин ДХР мен ЛХР-ны тану туралы жарлыққа қол қойды

Танымал

Ел аузында

Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс үлкен отырысынан кейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үндеу жасап, Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Үндеуден кейін Путин бірден Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы Жарлықтарға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жарлықтарға қол қойылғаннан кейін Путин мен ДХР басшысы Денис Пушилин Ресей мен Донецк Халық Республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қойды. Содан кейін Путин мен ЛХР басшысы Леонид Пасечник Ресей мен Луганск Халық Республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қойды.

Өз кезегінде Ұлыбритания премьер-министрі Джонсон ДХР мен ЛХР-ны тану «халықаралық құқықтың бұзылуы» деп атады.

«Донецк және Луганск республикаларын тану – халықаралық құқықтың айқын бұзылуы, бұл егемендік пен аумақтық тұтастықты бұзу және Минск келісімдерінен бас тарту. Менің ойымша, бұл жамандықтың белгісі. Бұл жағдай дұрыс емес бағытта дамып келе жатқанының тағы бір белгісі. Ұлыбритания украин халқына қолдау көрсету үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды», – деді Джонсон.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...