Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Украина шекаралары өзгеріссіз қалады- Владимир Зеленский

Танымал

Ел аузында

Украина президенті Владимир Зеленский халыққа үндеуінде елдің халықаралық деңгейде танылған шекарасы қалатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости

«Бізде және біздің мемлекетімізде тарихтан ұзақ лекция оқып ұратын уақыт жоқ, сондықтан өткенді еске алмаймын. Қазіргі және болашаққа қатыстыны айтамын. Украина өзінің халықаралық танылған шекараларында және Ресей Федерациясының қандай да бір мәлімдемелері мен әрекеттеріне қарамастан солай қала бермек», – деді Зеленский халыққа үндеуінде.  

Еске салайық, бұған дейін Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс үлкен отырысынан кейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үндеу жасап, Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының егемендігін дереу тану туралы шешім қабылдау қажет деп санайтынын мәлімдеді. Үндеуден кейін Путин бірден Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы Жарлықтарға қол қойған болатын. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...