Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-19 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Алғашқы үкім: Алматыда қару-жарақ ұрлағандарға сот шешім шығарды

Танымал

Ел аузында

Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған тонаушылар ісі сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: Azattyq

Қалалық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгінде Алматы соттарына 46 іс түскен, оның 28-і қаралып жатыр, 18-не үкім шықты.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Қайрат Иманқұловтың шешімімен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғындары Бақыт Оңтай мен Өжет Жеңісхан 5 жылға соттап, жазаларын қауіпсіздігі орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтеуге кескен. Екеуі де 1999 жылы туған, 22 жаста. 

«Бүгін сот шешімімен екі адам қару-жарақ дүкенін тонады деп танылып, бес жылға (әрқайсысы) бас бостандығынан айырылды»,- хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаған кінәлілер түрлі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, олардан материалдық шығын өндіріліп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ӘМІРЕ ҚАШАУБАЕВТЫҢ 135 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ӘЛЕМДІ ӘНМЕН ТЕРБЕТКЕН ҰЛЫ ДАЛА ДҮЛДҮЛІ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Музыкалық тілде жоғары тенор деп аталатын Әміре дауысы – табиғаттың қазақ халқына тарту еткен сирек сыйы. Әміре даусының мінсіз...