Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

«Болашақ» бағдарламасына енген ресейлік университеттер туралы не белгілі?

Білім және ғылым министрлігі "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын оқу орындары тізіміне Ресейдің жетекші техникалық университеттері енгізілгенін мәлімдеген еді.

Танымал

Ел аузында

Осы тізімге енген ресейлік университеттер туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

21 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» білім беру бағдарламасы қайта бағдарланатынын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, жастарды Ресейге жіберу проблемасын көтерді.

«Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді көп дайындаймыз. Қазір техникалық бағыттарға ден қоюымыз керек. Болашақ бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, мүмкін, ең алдымен Ресейге, белгілі техникалық жоғары оқу орындарына жібереміз», – деді Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде.

Кейінірек Білім және ғылым министрлігі өкілі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін «Болашақ» бағдарламасы қалай өзгеретінін айтты. Соған сай, халықаралық стипендия шеңберінде «индустрияландыру кезеңінде ел экономикасына қажет болатын» инженерлік-техникалық бағыттағы отандық кадрларды даярлаудағы тиісті өзгерістер қаралғаны айтылды.

БҒМ мәліметінше, 2022 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1 055 шәкіртақы бөлінген. Оның ішінде 555 шәкіртақы магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша, сондай-ақ, «Ғалымдар» тағылымдамаларының жаңа санаты бойынша тағы 500 шәкіртақы бөлінген.

Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасы орталығының президенті Әнуар Жанғозин мен ресейлік университеттер басшылығы арасында келісімге қол қойылды. Келісімге қол қойылған университеттер қатары:

  • «МИСиС» ҒЗТУ
  • Мәскеу физика-техникалық институты
  • ИТМО Ұлттық зерттеу университеті
  • «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті
  • И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (ҰИУ)
  • Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті

Бұл ынтымақтастық академиялық оқыту жүйесі қазақстандық мамандар үшін техникалық бағыттар бойынша тағылымдамадан өту саласын дамытуды көздейтіні айтылған еді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының директоры Ә.Жанғозиннің пікірінше, ресейлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату қазақстандықтарға жетекші оқу орындары мен ғылыми орталықтарда тіл жағынан ешқандай қиындықсыз жоғары техникалық білім алуға қосымша мүмкіндік береді.

Министрлік мәліметінше, тізімге 27 елдің 200-ден аса университеті енген. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» бағдарламасы басқа елдермен және университеттермен мамандарды даярлау географиясын кеңейтетінін мәлімдеген еді.

«Былтыр Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка енді. Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетінде, Массачусетс технологиялық институтында, Оксфорд университетінде немесе Принстон университетіне және т.б. түсу бұрынғыдай қалатынын түсіну керек. Әлемдегі 200-ден аса жоғары оқу орнының тізімі тағы бірнеше беделді ресейлік жоғары оқу орындарымен толығатыны түлектерге жоғары оқу орындарын таңдауда одан да көп мүмкіндіктер беріп, техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға қолжетімділікті кеңейтеді. Сонымен қатар, мамандарды даярлаудың техникалық бағыттарына баса назар аударамыз», – деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...