Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Ақша үшін өз халқын өлімге қиып отыр ғой бұлар

Осы мен біздің Үкіметті түсінбеймін. Біздің үкіметтің логикасын түсінбеймін. Олар кім үшін қызмет істеп жүр?

Танымал

Ел аузында

Бір минут болса да шындықтың бетіне тура қарайықшы. Мына утильалым дегеннің басы қасында жүргендерді халық жауы деуге болады. Өйткені олар халыққа жасырын геноцид жасап отыр. Тек былтырғы жылдың 8 айының өзінде Қазақстанда жол-көлік апаттарынан 1 258 адам өліп, 10 947 адам жарақаттанған. Осы опат болғандардың елеулі бір бөлігі көліктерінің ескілігінен апатқа түскені ақиқат. Енді кішкене ойланайық. Егер көлік бағасы әлемнің басқа елдеріндегідей қолжетімді болса кім жаңа көлік мінгісі келмейді? Кім басын қатерге тігіп ескі-құсқымен жолға шығады? Ал, бізде көлікті қол жетпейтіндей қымбат етіп отырғандар кімдер? Демек, осы опат болғандардың қаны кімнің мойнында?

Ең бірінші, мемлекет экологияны ойлағандықтан утильалымды енгізіп отырған жоқ (экологияны ойласа басқа маңыздырақ тірлік жетеді, мысалға алдымен елді газдандырсын, тұрмыстық қоқысты өңдесін т б). Мемлекет тек сол баяғы автокөлік жасаушы (жасаушы дегеннен көрі өтірік құрастырушылар деген дұрыс ау) олигархтардың сойылын соғып отыр. Ол олигархтарға осы бизнесі үшін мемлекеттен алған миллиардтаған төмен пайыз несиелері, жыл сайын алатын субсидиялары т.б. аз болып отыр. Олар ақшаны бульдозермен күреп алуы керек қой. Демек, сол өтірік құрастырған көліктері халыққа қымбатқа сатылуы тиіс. Мысал үшін сол АҚШ тағы, Грузиядағы жаңа көліктердің бағасын қараңыз. Енді біздегі, өзімізде құрастырылған, яғни арзан болуға тиіс (ешқайдан тасымаймыз, кеден алымдары жоқ, бөлшектері өзімізде өндіріледі, зауыт жұмысшылары АҚШ-тағы жұмысшыға қарағанда ар жалақы алады, тағысын тағы) көліктің бағасын салыстырыңыз.

Біздікі арзан емес, керісінше 2 есе қымбат. Бұл не үшін? Сол зауыт қожайынының қалтасын қампайта түсу үшін әрине. Егер салондарда бағаны бірден осылай 2 есе қымбат қылып қойса халықтың бәрі арзан көлікті шетелден тасып әкелетіні түсінікті ғой. Сосын бұлар экология, отандық тауар өндірушіні қорғау сияқты ертегіні ойлап тапты. Сөйтті де сол сатылған шенеуніктер арқылы қолдан кедергілер жасады. Олары сол кеден алымы (госпошлина), утильалым. Нәтиежесінде көлікті шетелден әкелсең құны өзіміздегіні алғаннан да қымбат болып кетті. Ал, оларға керегі де осы. Енді олардың қымбат көлігін алсаң да аласың, алмасаң да аласың. Ақша үшін өз халқын өлімге қиып отыр ғой бұлар.

Жалпы утильалым дегеннің өзі белгілі бір деңгейдегі махинация. Оу, осы отыз жылда ескі көлігін далаға тастап не утилизацияға беріп жатқан кімді көрдіңіз? Іріп-шіріп біткен көліктің өзін қазақ қосалқы бөлшек қылып алатындарға(на запчасти) сатады, темірін металлолом жинайтындар алады. Мұндай болса утильалым дегенді мүлде алып тастау керек. Мемлекет бұл мәселеге араласпай-ақ қойсын. Далада қалып шіріп, экологияны бүлдіріп жатқан көлік жоқ Қазақстанда. Ал, ескі көліктердің мәселесін нарық өзі-ақ шешіп алады (шешіп те алған).

Жанахмет Агыбаев фейсбуктегі парақшасынан алынды

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...