Қорғаныс министрлігі әскери техниканы тасымалдауға қатысты жағдайды түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Әскери техникажоспарлы түрде, оның ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бір жерден екінші жерге жылжытылды.

Қазақстанда қазіргі уақытта әскерлердің жауынгерлік даярлығы аясында әскери техникалар бір жерден екінші жерге жылжытылып жатыр, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

«Қазақстанның Қарулы күштерінде жеке құрамның орнын ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға байланысты әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде өткізіліп жатыр», – делінген министрліктің хабарламасында.

Атап айтқанда, осы күндері қорғаныс министрлігі Әскери колледжінің шәкірттеріне практикалық сабақ өткізу үшін Семей гарнизонынан Щучинск қаласына әскери техника жөнелтілді.

25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, сондай-ақ Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберіледі.

1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, «Айша-бибі» полигонына және кері бағытта Қарулы күштерге тиесілі техникаларды жылжыту жоспарланып отыр.

sputnik.kz

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

“Әлқисса” өнер мектебінің шәкірттері Нью-Йоркте ұлттық өнерді дәріптеді

Қазақтың қасиетті домбырасы тағы бір мәрте әлем сахнасында күмбірледі. “Әлқисса” өнер мектебінің дарынды шәкірттері Американың алып шаһары – Нью-Йоркке...