Үкіметтің қаулысымен Данияр Қадыров ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Данияр Қадыров 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған. 2000-2004 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарған. 2004-2005 жылдары – ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы. 2005-2007 жылдары – Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.
2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды. 2007-2013 жылдары – ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2013-2015 жылдары – ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2015-2019 жылдары – «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры. 2019 жылдан бастап қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.