Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Данияр Қадыров ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Үкіметтің қаулысымен Данияр Қадыров ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Данияр Қадыров 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған. 2000-2004 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарған. 2004-2005 жылдары – ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы. 2005-2007 жылдары – Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.

2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды. 2007-2013 жылдары – ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2013-2015 жылдары – ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2015-2019 жылдары – «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры. 2019 жылдан бастап қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматинские врачи вернули возможность ходить пациентке

В Городской клинической больнице №7 города Алматы нейрохирурги восстановили 37-летней женщине функции нижней конечности. Теперь в течение года она...