Экономикалық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, шара 2022 жылдың 31 тамызына дейін бидай мен меслинге, қара бидайға, арпа мен жүгеріге қатысты қолданылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Бейсенбі, 10 наурызда экономикалық даму және интеграция жөніндегі үкіметтік комиссияның сыртқы саудадағы кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, қорғау шаралары жөніндегі кіші комиссиясы Ресей Федерациясынан ЕАЭО елдеріне дәнді дақылдарды экспорттауға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
Ведомствоның баспасөз қызметі бұл шараның уақытша екенін және бидай мен меслин, қара бидай, арпа және жүгеріге қатысты 2022 жылдың 31 тамызына дейін қолданылатынын түсіндірді. Кей жағдайда артықшылық Ресейдің Индустрия және сауда министрлігі берген экспорт лицензиялары бойынша жеткізілімдер үшін қарастырылған.
Сондай-ақ, кейінгі отырыста кіші комиссия 2022 жылдың 31 тамызына дейін Ресей Федерациясынан ақ қант пен шикі құрақ қантын экспорттауға уақытша тыйым салу туралы шешімді қолдады.
«Бұл тыйым басқа елдерге экспортқа қатысты қолданылады. ЕАЭО-ға жеткізу Ауыл шаруашылығы министрлігі берген рұқсаттар негізінде жүргізілуі мүмкін», – делінген министрлік хабарламасында.