Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Алматыда мектеп оқушыларына арналған STEAM кеңістігі ашылды

Танымал

Ел аузында

Қазақстандағы «Zertte Conference» заманауи білім, ғылым және технологиялар туралы конференциясы шеңберінде Алматы қаласында Zertte Studio» STEAM зертханасы ашылды. Жобаны «Caravan of knowledge» білім беру ұйымы «Шеврон» компаниясымен және Республикалық физика-математика мектебімен (РФММ) серіктестікте ұйымдастырды.

Zertte Studio – кез келген оқушы тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен қажетті техникалық дағдыларды игере алатын, конкурстар мен олимпиадаларға дайындалатын, шығармашылық және инженерлік идеяларын көп мектепте бола бермейтін жаңа жабдық арқылы іске асыратын бірегей зертхана. Бұл зертхана РФММ ғимаратында орналасқан және ол жерде кез келген мектептің оқушылары мен педагогтары осы мектептің педагогтары өткізетін сабақтарға қатыса алады.

««Шеврон» компаниясы жұмыс істейтін елдердегі әлеуметтік жауапты азамат. Біз үшін білім беру Қазақстандағы ең басты әлеуметтік инвестиция бағыттарының бірі. Біз Республикалық физика-математика мектебімен, Caravan of Knowledge ұйымымен және Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігімен жемісті серіктестігімізді мақта тұтамыз және оның нәтижесінде осындай Zertte Studio атты керемет зертхана пайда болды. Мұндай зертханалар болашақта Қазақстанның барлық мектептерінде ашылады деп үміттенеміз», – дейді Лейла Айтмұханова, Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі.

Қазіргі таңда Zertte Studio төмендегідей үйірмелерді басқарады:

● Робототехника және 3D-үлгілеу; Сондай-ақ қатысушылар робототехника бойынша халықаралық жарыстарға дайындалады;
● Ғылыми ойлау – бұл жерде сала аралық жобаларды мысалға ала отырып математиканы, физиканы, химияны және биологияны оқиды;
● Ракета жасау;
● Авиамодельдеу;

Оған қоса Zertte Studio олимпиадаларға дайындалу курстарын, ғылыми, инженерлік және шығармашылық тақырыптар бойынша ашық дәрістер, шеберлік сабақтарды өткізуді жоспарлап отыр. Зертхананың барлық жұмыстары STEAM әдістері (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics — ағыл. тілінен ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика) бойынша өтеді. STEAM әдістері оқуға кешенді көзқарас қалыптастырады, бұл жерде кез келген жоба немесе тақырып әртүрлі пән тұрғысынан қарастырылады.

Мысалы, ракета жасау сабақтарында балалар ракетаны басынан бастап жасап ұшырады,компьютерде модельдейді, қосалқы бөлшектерін 3D-принтеріне басып шығарады, метеостанцияларды жинап, оны ракетаға жалғайды және ол арқылы ауа райы туралы деректер жинайды және көптеген басқа іспен айналысады. Осылайша олар микроэлектрониканы, робототехниканы, 3D-үлгілеуді, бағдарламалауды, экологияны, астрономия негізін кешенді түрде және шынайы мысалдармен үйренеді. Жабдықтың және Zertte Studio тәлімгерлерінің көмегімен балалар кез келген инженерлік және шығармашылық идеяларды іске асыра алады.

«2022 жылы 50-жылдық мерейтойын тойлап отырған Республикалық физика-математика мектебі жинаған тәжірибесін әрқашан қуана бөлісуге дайын болады. Сондықтан Zertte Studio тек РФММ оқушыларын ғана емес, басқа мектеп оқушыларын және бүкіл Қазақстан мұғалімдерін де асыға күтеді және тәжірибесін бөлісуге дайын. Осындай бірлескен жұмыс пен қарым-қатынас – үлкен нәтижелердің, ең бастысы елдегі техникалық білімді шынайы дамытудың кілті», — дейді Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебі директорының м.а. Алмас Ордабаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп екі танысын алдаған әйелдің үстінен іс қозғалды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған әйелді анықтады.Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша мектепке жұмысқа...