Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

ҚОСҚҰДЫҚТА БӘЙГЕ ӨТТІ

Танымал

Ел аузында

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысы Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылында «Аламан», «Топ», «Тай», «Құнан» бәйгелері ұйымдастырылды.

Жарыс барасында Қапшағай өңірінің әкімі Нұрлан Орынбасарұлы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атбегілерге сәттілік тіледі. Сонымен бірге, ауыл ақсақалдары сайыс басталар алдында бәйгеге қатысушалырға жылы лебіздерін білдіріп, ақ батасын берді.

Жалпы, республика деңгейінде өткен бәйгеге еліміздің Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай,  Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Алматы –Талдықорған қалаларының атбегілері қатысты. Соның ішіндегі 25 шақырымдық “Аламанға” – 50 сайгүлек, 15 шақырымдық топ бәйгесіне – 40,  8 шақырымдық құнан бәйгесіне -50, 4 шақырымдық тай жарысына– 30 ат шабысқа жіберілген. Жалпы есеп бойынша 100-ден астам тұлпар қатысқан топ бәйгеден – Батыс Қазақстан облысы, құнан бәйгесінен – Ескелді ауданы, тайбәйгеден – Жамбыл ауданы жүлделі орындарға ие болса, ал аламан бәйгесінен – Қордай ауданы бас жүлдені жеңіп алып, тігілген «Лада Гранта» автокөлігін қанжығасына байлады.


Ардақ  Қасымхан, Қапшағай қаласы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында «Cyberpol» қызметкерлері дроперлерді анықтап, жәбірленушіден алғыс алды

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы "Cyberpol" тобының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынынан алаяқтық жолмен ақша алған дроперлерді анықтады. Өзін банк...