Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Алматы мен Ташкент арасында жылдам пойыз жүретін болды

Танымал

Ел аузында

1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасына «Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс» бағыты бойынша алғашқы халықаралық жолаушылар пойызы қатынай бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан темір жолдары АҚ мәліметінше, 2022 жылдың 2 мамырынан бастап Алматы-2 – Ташкент – Алматы-2 («Тальго-Тұлпар»)  бағытымен аптасына үш рет № 1/2 тұрақты жылдам пойызы ұйымдастырылады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысымен (Қазақстан темір жолы) тиісті келісімдер жасалған.

Ташкенттен келетін бұл пойыз сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүреді. Ал Алматыдан Өзбекстанға дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері жолға шығады.

Атап өтілгендей, билеттерді электронды форматта және теміржол кассаларынан сатып алуға болады.

Еске салайық, Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары жерүсті өткізу бекеттері арқылы шекарадан еркін өте алады.

«16 наурыздан бастап Өзбекстанның Тәжікстан және Қазақстан шекарасындағы жерүсті өткізу пункттері арқылы барлық адамдардың өтуіне қойылған уақытша шектеулер алынды», – деп мәлімдеді Өзбекстан көлік министрлігі.

Сондай-ақ екі елдің қалалары арасында тұрақты автобус және теміржол қатынасы қалпына келтіріліп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп екі танысын алдаған әйелдің үстінен іс қозғалды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған әйелді анықтады.Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша мектепке жұмысқа...