Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Танымал

Ел аузында

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», – делінген агенттік хабарламасында.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Еске салсақ, Қайрат Сатыбалдыұлымен бірге оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалда да күдікке ілінген болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, агенттік Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Кейін Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық...