Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26 C
Nur-Sultan
27 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

Құзырлы орган «боксшы Ермегияевтің» видеосына түсінік берді

Танымал

Ел аузында

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Талғат Ермегияевтің қатысуымен түсірілген видеоға түсінік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Бұл жазбаның шамамен 2019 жылы Алматы облысы ҚАЖ мекемесінің жасақтарының бірінде жазылғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта 2021 жылдан бастап сотталғандар бөлек ұсталады. Олардың бірі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған», – дейді комитеттен.

2021 жылғы наурызда мекемедегі тінту іс-шаралары барысында спорттық мүкәммал тәркіленген. 2022 жылғы 29 наурызда осы жарияланымның пайда болуына байланысты жоғарыда аталған сотталғандар жазасын өтеп жатқан камераларды тексеріліп, оның барысында қандай да бір тыйым салынған заттар табылмаған.

«Оқиғаны жан-жақты зерделеу үшін қызметтік тергеу тағайындалған, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, сотталғандардың арнайы үй-жайда спортпен шұғылдануына және спорттық заттарды пайдалануға құқығы бар екенін атап өтеміз», – дейді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...