Нұр-Сұлтанда Рамазан айында тегін автобустар қызмет көрсетеді

Танымал

Ел аузында

2 сәуірден бастап елордада Рамазан айына орай мұсылмандарға арнайы тегін автобустар қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

CTS компаниясының мәліметінше, жамағатқа ыңғайлы болу үшін бағдарлар тарауық намазы аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді.

«Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

– «Спутник» супермаркеті;

– ТЖ вокзалы;

– «Көктал-1,2» ТА.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

– «Көктал-1,2» ТА;

– ТЖ вокзалы;

– Медициналық колледж

«Сәдуақас қажы Гилмани» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

– «Көктал-1,2» ТА;

– «Кирпичный» ТА.

«Ырыскелді қажы» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

– «Ильинка» ТА.

«Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

– «Рахмет» СО.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бұл — қазақ спорты үшін үлкен үміт күттіретін жас талантқа көрсетілген зор қолдау мен сенімнің белгісі. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында...