Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Қазақстандық тұрғын зейнетақы қорынан «Отбасы банкіне» 5 теңге аударған

Танымал

Ел аузында

«Отбасы банкі» зейнетақы қорынан екі мың теңгеге дейінгі сома аударған 150-ден аса өтінімді тіркеген. Банктің баспасөз қызметі өкілі азаматтардың осындай ерекше өтініштері туралы айтты, – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. 

Мысалы, бір қазақстандық зейнетақы қорынан «Отбасы банкіне» бес теңге аударған. Тағы біреуі 40 теңге аударған.

«Порталда 627 өтінім қабылданды, олардың әрқайсысының сомасы 200 миллион теңгеден 6 миллиард теңгеге дейін болды. Бір жолғы зейнетақы төлемдерінің мұндай үлкен сомасы болмайтыны түсінікті», – деді «Отбасы банкі» баспасөз қызметі өкілі.

Телеарна 31 наурыз бұрынғы шекті зейнетақы жинағын алудың соңғы күні екенін еске салды. 1 сәуірден бастап оның мөлшері екі есе артады. Өзгерістерді қайта қарастыруды салымшылардың өздері ғана емес, мәжілісмендер де бірнеше рет қолдаған еді.

Алайда Еңбек министрлігі шешімінен бас тартпады.

«Бұл – халық өздерінің зейнетақысына сәйкес жинайтын қаражат. Шартты түрде айтсақ, ол жерден барлық ақшаны аламыз. Ал ертең адам зейнет жасына жеткенде, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алады. Бұл дұрыс па? Еңбек министрлігі бірінші кезекте болашақ зейнеткерлердің құқығын қорғайды», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...