ҚХДР Оңтүстік Кореяны ядролық қарумен қорқытты

Танымал

Ел аузында

Оңтүстік Корея «әскери қақтығысқа барса», Пхеньян ядролық қаруды қолданады. Солтүстік Корея Орталық телеграф агенттігі мәліметінше, бұл туралы КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның қарындасы, Кореяның Еңбек партиясы Орталық комитеті бөлім басшысының орынбасары Ким Е Чжон мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Егер Оңтүстік Корея әскери қақтығысқа түссе, біздің ядролық қарулы күштер өз міндетін орындауға мәжбүр болады», – деп келтіреді агенттік Ким Е Чжонның сөздерін.

Сонымен қатар, ол Оңтүстік Корея қорғаныс министрінің КХДР-ға қарсы алдын ала соққы беру туралы айтуы «өте үлкен қателік» болғанын айтты.

Бұған дейін Ким Е Джон Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Со Укты КХДР-ға қарсы алдын ала соққы беру мүмкіндігі туралы айтқан сөзі үшін «қоқыс» деп атап, Сеул үшін мұндай сөздердің қайғылы салдары болатынын ескерткен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...