Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Монополияға қарсы орган «Қазфосфатқа» қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында шаруалар шағымынан кейін «Қазфосфат» ЖШС-ға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және Жамбыл облысы әкімдігінен түскен аммофос бағасын көтеру туралы шағым негізінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазфосфат» ЖШС қатысты монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, аммофосты бастапқы сату нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау барысында «Қазфосфат» ЖШС үстем жағдайға ие екені анықталған.

«2021 жылғы қарашада аммофос бағасы 125 000 теңгеден 168 750 теңгеге дейін өсті. Жыл басымен салыстырғанда өсім 35 пайыз болды. Бұл ретте 2022 жылғы қаңтарда баға 185 625 теңге болды. 2021 жылғы қаңтарға қатынасы бойынша бағаның өсуі – 48,5 пайыз.

Сонымен қатар, тауарды өндіру және сату үшін қажетті шығыстардың өзгеруі тауарды сату бағасының өзгеруіне сәйкес келмейді. Тергеп-тексеру барысында «Қазфосфат» ЖШС үстем жағдайды теріс пайдалана отырып, аммофосты монополиялық жоғары баға бойынша сатқаны анықталды, бұл өз кезегінде түпкілікті өнімнің бағасына, сондай-ақ жалпы сатып алу қабілетіне әсер етеді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жоба «Қазфосфат» ЖШС-не жіберілген. Заң бойынша жауапкершілік туралы мәселе тергеп-тексеру қорытындысынан кейін шешілетіні хабарланды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...