Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
21 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Еліміз ішкіштер саны бойынша алғашқы ондықта тұр

Танымал

Ел аузында

Бұдан бөлек, Қазақстан Орта Азия мен Еуропаның дұрыс тамақтанбайтын 21 елінің арасында 9-шы орында тұрғаны белгілі болды.

Зерттеулер бойынша ер адамдар үшін алкогольді тұтыну деңгейі жылына 25 литрді құраған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу деректері бойынша Қазақстанда темекі шегуді бастаудың орташа жасы 17 мен 18 жас аралығын қамтиды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты.

Зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстанда 15 жастан асқан ересек адамдардың арасында темекі шегу (GATS – 2019 жыл) – 21,5% құрайды, бұл ретте ер адамдар арасында – 38%-дан астамы, әйелдер арасында-6,4%-ы темекі шегеді. 

«Сонымен 15 жастағы оқушылардың мінез-құлқын зерттеу нәтижелері бойынша (НВЅС – 2018 жыл) ұлдардың арасында – 10%, қыздардың арасында – 6% темекі шегеді. Жасөспірімдердің арасында электрондық сигареттерге деген әуестік жоғары. Осылайша, ұлдардың арасында 15 жасында қызғыш темекіні тұтынушылар – 14%, қыздардың арасында – 6% құрайды», – деді министр.

Осы зерттеулер бойынша ер адамдар үшін алкогольді тұтыну деңгейі жылына 25 литрді, әйелдер үшін – шамамен 9 литрді құрайды екен.

«Өкінішке қарай, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан алкогольдік ішімдіктерді тұтыну деңгейі жоғары елдерге жатады (ДДҰ деректері бойынша Қазақстан әлемде 10-шы орын алады). Көп жағдайда халықтың жол-көлік оқиғалары, жарақаттар, зорлық-зомбылықтан болған өлім, улану, суға бату және т.б. сияқты сыртқы себептерден болатын өлім-жітім көрсеткіштері алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың салдары болып отыр», – деді Ажар Ғиният.  

Бұдан бөлек, Қазақстан Орта Азия мен Еуропаның дұрыс тамақтанбайтын 21 елінің арасында 9-шы орында тұрғаны белгілі болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ЖЕТІСУДА СТИХИЯЛЫҚ ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫ ТАЗАРТЫЛУДА

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талдықорған қаласы маңындағы стихиялық қоқыс орындары тазартылды. Елімізде стихиялық қоқыс орындары мен көлемі спутниктің...