Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

«Қазақстан ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындамайды» – Сыртқы істер министрі

Танымал

Ел аузында

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Брюссельде Сүлейменов Қазақстан Ресейге салынып жатқан санкцияларды ұстанады деп мәлімдеген еді.

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жуырдағы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Брюссельде Сүлейменов Қазақстан Ресейге салынып жатқан санкцияларды ұстанады деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ ол Донецк Халық Республикасы мен Лугансс Халық Республикаларының тәуелсіздігі туралы да сөз айтқан.

Бүгін журналистер Сыртқы істер министрінен Тимур Сүлейменовтің бұл айтқандары жеке оның ғана ұстанымы ма, әлде жалпы Қазақстанның ұстанымы ма деген сұрақтың жауабын сұрады.

– Сүлейменовтің бұл сұхбаты ел басшылығымен келісілген бе еді, әлде бұл оның жеке пікірі ме?

– Біріншіден, ол ресми тұлға. Ол шетелдік басылымдардағы тілшілердің өтініші бойынша сұхбат берді.

– Яғни келісілген, мемлекеттің ұстанымын білдіретін сұхбат қой?

– Біз дәл қазіргі уақытта Луганск Халық Республикасы сияқты, Донецск Халық Республикасының да тәуелсіздігін мойындамаймыз. Еуроодақ пен АҚШ-тың Ресейге қатысты жариялаған санкцияларының бәріне біз қосылып отырған жоқпыз, алайда, біз үшін екі маңызды мәселе бар. Біріншіден, бұл санкциялар Қазақстан экономикасының дамуына кері әсерін тигізбеуі керек, екіншіден, біздің аумағымыз бұл санкциялардан құтылатын елге айналмауы керек.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...